Пререквизиттер: Философия, экономика, кәсіпкерлік, көшбасшылық және
инновация негіздері.
Постреквизиттер: Еңбекті қорғау, Радиациялық қауіпсіздік негіздері
ОБ мақсаты: өмір тіршілік әрекетінің
қауіпсіздігінің, еңбекті қорғау, қоршаған ортағы қорғау, төтенше жағдайлар
кезінде қорғау саласында қазіргі ғылым мен техниканың талаптарына сәйкес кәсіби
құзіреттілікке ие мамандарды даярлау, түлектердің бәсекеге қабілеттілігін және
кәсіби дамуын қамтамасыз ету
Пән мақсаты: жоғары
жалпы ғылыми және кәсіби дайындығы бар, өзіндік шығармашылық жұмысқа қабілетті
мамандарды даярлау.
Курстың қысқаша мазмұны: Кіріспе. Негізгі ережелер. Пәннің мақсаты мен
міндеттері. Жоғары мектептегі студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы ғылыми
әдебиеттермен жұмысты ұйымдастыру. Ғылыми таным мен шығармашылықтың әдістемелік
негіздері. Ғылыми білім түсінігі. Теория-жалпыланған білім жүйесі. Теориялық
және эмпирикалық зерттеу әдістері. Ғылыми-техникалық шығармашылық теориясы мен
методологиясының элементтері. Ғылыми зерттеу бағытын таңдау және ғылыми-зерттеу
жұмысының кезеңдері. Іргелі зерттеулер. Қолданбалы зерттеулер. Іздеу
зерттеулері. Ғылыми зерттеудің бағытын, мәселелерін, тақырыбын таңдау. Экономикалық
тиімділікті бағалау. Ғылыми-зерттеу жұмысының кезеңдері. Ғылыми ақпаратты
іздеу, жинақтау және өңдеу.
Түйінді құзыреттер / күтілетін нәтижелер:
тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласында студенттерді терең
тану. ҒЗЖ жоспарын құру және жүзеге асыру, ҒЗЖ қолдану арқылы қоршаған орта
мәселелерін шешу.
Бағалау әдістері: студенттердің күнделікті жұмысын бақылау, ауызша сұрау,
жазбаша жұмысты бағалау, апта сайынғы рейтинг қою, ағымдағы тексеру және
білімді бағалау, семестрлік тексеру және білімді бағалау.
Зерттеу дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар: Білім алушылар әртүрлі
ақпарат көздерімен жұмыс істей отырып, қажетті білімді дербес алуы, оларға
талдау жүргізуі, салыстыруы, жинақтауы, теориялық материалдарды
тәжірибелік-эксперименттік әдістермен растауы тиіс.
Оқытудың инновациялық тәсілдері: бейімдеу тәсілдері, "төңкерілген
оқыту" технологиясы
Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғалар үшін пән бойынша оқыту:
ЭББР, университеттің электрондық кітапханасын, курс бойынша бейнематериалдарды
пайдалана отырып оқыту.