«Еңбек нарығы экономикасы» пәнінің мақсаты - экономикалық мамандықтар студенттеріне еңбек нарығы әрекет етуінің заңдылықтарын, қағидаларын, әдістерін, механизмдерін терең меңгеру және алған білімдерді тәжірибеде кәсіби қолдану болып табылады.
Сонымен қатар,студенттерді жұмысшы күшіне әсер ететін факторлармен, адамдық капиталға инвестиция салу ерекшелігімен таныстыру, жалақыны анықтау, еңбек нарығының сипаттамасын беру, еңбек нарығын басқару кезінде үкімет пен кәсіподақтар арасында болатын қайшылықтармен, оларды басқару әдістерімен таныстыру.
Пәннің мақсаты студенттерді еңбек нарығындағы болып жатқан экономикалық процестермен таныстыру болып табылады. Атап айтсақ, халықтың өмір деңгейін жоғарлату үшін экономикалық алғышарттар құруға бағытталған еңбек нарығының басты проблемаларын шешуді оңтайландыру мен айқындау туралы сөз болып жатыр
- Мұғалім: Меирамхан Баимбетов