1) Курстың қысқаша мазмұны
«Ауа бассейнін қорғау» курсы ауа бассейнін ластанудан қорғаудың теориялық және практикалық негіздері, химиялық талдаулар жүргізу, атмосфераның пайда болуын және оның құрылымын, жер мен атмосфераның жылу балансын, атмосферадағы заттардың айналымдарын, ластау көздерін және атмосфералық ауаны бұзуды зерттеу, болашақта нақты экологиялық мәселелерді шешуге көмектесетін, олармен танысуға арналған. Курс екі саладағы негізгі тақырыптар мен тұжырымдамаларды қамтитын дәрістерді, бейне дәрістерді, тапсырмаларды және тест тапсырмаларын қамтиды.
2) Қалыптастырылатын оқыту нәтижелерінің картасы
Оқыту нәтижесі |
Дағдылар мен білімнің сипаттамасы |
Қол жеткізу әдістері |
Атмосфералық ауаның ластану мәселелері |
Студенттің атмосфералық ауаның мақсаты, міндеттері мен әдістерін түсіну деңгейі. Атмофералық ауаның ластану мәселелерінің теориялық негіздері мен тәжірибелік қолданылу саласын меңгеруі. |
Дәрістер, бейне дәрістер, тесттер |
Атмосфераға шығарындылар көздерін жіктеу |
Студенттің атмосферадағы зиянды факторларды (мысалы, химиялық, физикалық, биологиялық және т.б.) анықтау және олардың шығарынды көздерін жіктеу |
Дәрістер, тақырып бойынша тапсырмалар |
Атмосфералық ауа сапасын нормалау |
Ауа сапасының нормаларын білу және оларды өндірістік ортада жүзеге асыру қабілеті. Санитарлық бақылау жүргізу, оның қорытындыларын бағалау және жұмыс орнындағы тазалықты қамтамасыз ету. |
Практикалық тапсырмалар, бейне дәрістер |
Атмосфералық ауаны автокөлік шығарындыларынан қорғау |
Студент атмосфералық ауаны автокөлік шығарындыларынан қорғау жөнінде және экологиялық мәселелерді шешу дағдыларын білә. |
Дәрістер, бейне дәрістер |
Шығарындыларды тазалаудың техникалық құралдарын таңдау және қолдану принциптері |
Студент шығарындылардың санитарлық және экологиялық қауіптерді анықтау, бағалау және оларды азайту үшін шаралар ұсыну қабілетін меңгереді. |
Дәрістер, тапсырмалар, тесттер |
3) Бағалау көрсеткіштері мен критерийлерін сипаттайтын білімді бақылау жүйесі
Бақылау нысандары:
• Дәрістер мен бейне дәрістер тақырыптары бойынша тесттер: Ауа бассейнінің анықтамасы, мақсаттары мен міндеттері. Санитарлық-гигиеналық нормалар мен стандарттар.Өндірістік ортаның зиянды факторлары (физикалық, химиялық, биологиялық,).Құқықтық нормалар мен заңнамалар. (қорытынды бағаның 40%).
• Практикалық тапсырмалар: Студенттердің теориялық білімдерін нақты жағдайларда пайдалану қабілеті (мысалы, өндірістегі зиянды факторларды анықтау немесе жұмыс орнындағы гигиеналық талаптарды сақтау).Санитарлық нормалар мен өндірістік стандарттарды нақты өндіріс жағдайында қалай жүзеге асыру керектігін түсіну. Әр түрлі өндірістік сценарийлерде санитарлық бақылауды және гигиеналық тексерулер жүргізуді қолдану. (қорытынды бағалаудың 30%).
• Қорытынды тест: Өндірістік санитарияның негізгі түсініктері, принциптері мен нормаларын білу. Өндірістегі зиянды факторларды (химиялық, физикалық, биологиялық) анықтау және оларды басқару дағдылары.Санитарлық бақылау жүргізу, гигиеналық нормаларды сақтауды қамтамасыз ету.Өндірістік ортада қауіпсіздік шараларын ұсыну және жүзеге асыру қабілеті.Құқықтық, экологиялық және санитарлық нормативтік актілерді білу және қолдану. (қорытынды бағалаудың 30%).
Бағалау критерийлері:
• Тапсырмалар мен жобалар: Атмосфералық ауаға қатысты нақты мәселені шешуге бағытталған практикалық тапсырмалар мен жобалар. Студенттер белгілі бір өндіріс жағдайында санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау, қорғау шараларын ұсыну сияқты мәселелерді талқылайды.
• Практикалық жұмыстар мен лабораториялық зерттеулер: Өндірістік жағдайларда санитарлық тексерулер жүргізу, санитарлық бақылау, жұмыс орнындағы зиянды факторларды анықтау және соларға қатысты алдын алу шараларын ұсыну.
• Қорытынды жұмыс : Студенттің таңдаған тақырыбы бойынша терең ғылыми зерттеу жұмысы. Бұл жұмыс теориялық және практикалық білімдерді қамтуы қажет және өндірістік санитария мәселелерін шешуге арналған ұсыныстарды негіздеуі тиіс.
Сертификаттау: барлық тесттер мен практикалық тапсырмаларды сәтті орындағаннан кейін студенттер құзыреттілігін растайтын курсты аяқтау туралы сертификат алады.
- Teacher: Аниза Кожахметова (Аскарова)