1) Курстың қысқаша мазмұны
«Экология негіздерімен биология» курсы жануарлар әлемін, тірі және жойылып бара жатқан жануарлардың алуан түрлілігін, олардң даму заңдылықтарын, құрылысы мен қызметін, шығу тегін, таралуы мен дамуын, бір-бірімен, тіршліктің жансыз табиғатымен байланысын, оның заңдылықтарын зерттейді. Микропрепараттарды дайындау, зерттеу, әр түрлі организмдердің жасушаларының құрылымдық ерекшеіктерін табу, оларды бір-бірімен салыстыру. Өсімдіктер мен жануарлардың сыртқы және ішкі құрылысын өсімдіктер мен жануарлардың қызметтерін саралауды жүйелі ұйымдастыру принциптерін білу; тәжірибеде қолдана білу, бақылау, құрылыс обьектілерін анықтау. Курс екі саладағы негізгі тақырыптар мен тұжырымдамаларды қамтитын дәрістерді, бейне дәрістерді, тапсырмаларды және тест тапсырмаларын қамтиды.
2) Қалыптастырылатын оқыту нәтижелерінің картасы
Оқыту нәтижесі |
Дағдылар мен білімнің сипаттамасы |
Қол жеткізу әдістері |
Студенттің биология, даму кезеңдері, зерттеу әдістері, тірі заттың қасиеттері мен өмірдің пайда болу теориялары саласын меңгеруі. |
Дәрістер, бейне дәрістер, тесттер |
|
Цитология негіздері |
Студенттің жасуша теориясы,ж асуша органеллалары-олардың пішіні, құрылымы және қызметі, өсімдік, жануар және саңырауқұлақ жасушаларының құрылымын практикалық сабақтарда қолдана білу |
Дәрістер, тақырып бойынша тапсырмалар |
Эволюция теориясы |
Эволюциялық ілімі, эволюция факторлары, соның ішінде микроэволюция, макроэволюция бөлімдерімен танысу |
Практикалық тапсырмалар, бейне дәрістер |
Экология негіздері |
Студент аутэкология, демэкология, синэкология және экологиялық мәселелерді шешу дағдыларын үйрене білу. |
Дәрістер, бейне дәрістер |
Биологиялық ресурстар |
Студент Биологиялық әртүрлілікті қорғаудың жаһандық, аймақтық, жергілікті деңгейлерін, сананы экологияландыру қабілетін меңгереді. |
Дәрістер, тапсырмалар, тесттер |
3) Бағалау көрсеткіштері мен критерийлерін сипаттайтын білімді бақылау жүйесі
Бақылау нысандары:
• Дәрістер мен бейне дәрістер тақырыптары бойынша тесттер: Экология, биология анықтамасы, мақсаттары мен міндеттері. Биохимиялық негіздерді. Генетика негіздерін (тұқым қуалаушылық, өзгергіштік формалары, селекция, гендік инженерия), нормалар мен заңнамалар (қорытынды бағаның 40%).
• Практикалық тапсырмалар: Студенттердің теориялық білімдерін нақты жағдайларда пайдалану қабілеті (мысалы, өсімдіктер мен организмдердің, адамның сыртқы және ішкі құрылысын білу, тірі тіршілік функцияларын жүйелі ұйымдастыру және дифференциациялау принциптері). Өсімдіктер мен жануарлардың, төменгі организмдердің сыртқы және ішкі құрылымының биоәртүрлілігін, жүйелі ұйымдастыру принциптерін және адам ағзасының функцияларын дифференциациялауды зерттеу (қорытынды бағалаудың 30%).
• Қорытынды тест: Экология негіздерімен биология негізгі түсініктері, принциптері мен нормаларын білу. Өсімдіктер мен организмдердің, адамның сыртқы және ішкі құрылысын білу, тірі тіршілік функцияларын жүйелі ұйымдастыру және дифференциациялау принциптерін қарастыру. (қорытынды бағалаудың 30%).
Бағалау критерийлері:
• Тапсырмалар мен жобалар: Эклогияға қатысты нақты мәселені шешуге бағытталған практикалық тапсырмалар мен жобалар.
• Практикалық жұмыстар мен лабораториялық зерттеулер: Лабораториялық жағдайларда санитарлық тексерулер жүргізу, бақылау, жұмыс орнындағы зиянды факторларды анықтау және соларға қатысты алдын алу шараларын ұсыну.
• Қорытынды жұмыс : Студенттің таңдаған тақырыбы бойынша терең ғылыми зерттеу жұмысы. Бұл жұмыс теориялық және практикалық білімдерді қамтуы қажет және өндірістік санитария мәселелерін шешуге арналған ұсыныстарды негіздеуі тиіс.
Сертификаттау: барлық тесттер мен практикалық тапсырмаларды сәтті орындағаннан кейін студенттер құзыреттілігін растайтын курсты аяқтау туралы сертификат алады.
- Мұғалім: Аниза Кожахметова (Аскарова)