Геоэкология – экологиялық заңдар мен заңдылықтардың негізінде табиғи және табиғи-антропогендік жоғары иерархиялық геожүйелердің шеңберінде: ландшафт зоналары, физикалық географиялық аймақтар, облыстар, провинцияларды қорғау мақсатында құрылған ғылыми кешенді пән. Геоэкологиялық көзқарастың маңызды табиғат өзгерісін бағалау мен оның салдарын реттеу, белгілі географиялық жүйе аумағында экологиялық жағдайды сақтау. Жаһандық экологиялық дағдарысты қоғам мен табиғаттың байланысты арқылы дұрыс алдын алу мүмкіндігі. Бұл жерде басты тапсырма географиялық жүйелерді ғылыми-техникалық ұсыныстар негізінде табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаның жағдайын экологиялық тұрақтандыру.