
1) Курстың қысқаша мазмұны
«Тарихи өлкетану» пәні студенттерге өз өлкесінің тарихын, мәдени мұрасын, географиялық ерекшеліктерін және тарихи тұлғаларын зерттеуге үйрету мақсатында құрылды. Пәннің негізгі міндеті – студенттерді өз өлкесінің тарихи дамуы мен әлеуметтік-мәдени құндылықтарын тануға және оларды ғылыми тұрғыдан талдауға бағыттау.Пәннің міндеттері:
Өлкенің тарихи кезеңдерін зерттеу және талдау;
Жергілікті тарихи және мәдени ескерткіштердің маңызын түсіндіру;
Өлке тарихындағы маңызды тұлғалар мен оқиғаларды анықтау;
Тарихи деректер мен архивтік материалдарды пайдалана отырып ғылыми зерттеу жүргізуге үйрету;
Студенттердің өз өлкесіне деген патриоттық сезімін қалыптастыру.
2) Қалыптастырылатын оқу нәтижелерінің картасы
| Оқу нәтижесі | Білім мен дағдылар сипаттамасы | Қол жеткізу әдістері |
|---|---|---|
| Тарихи өлкетанудың мәнін түсіну | Тарихи өлкетанудың пәнін, мақсаттары мен міндеттерін білу | Дәрістер, бейнедәрістер, тесттік тапсырмалар |
| Тарихи өлкетанудың даму кезеңдерін білу | Қазақстандағы өлкетанулық зерттеулердің негізгі кезеңдері мен ұйымдастыру формаларын түсіну | Дәрістер, тапсырмалар, бейнедәрістер |
| Өлкетанулық зерттеу әдістерін меңгеру | Далалық, мұрағаттық және аналитикалық зерттеу әдістерін қолдана білу | Дәрістер, практикалық тапсырмалар |
| Өңірдің табиғи-географиялық ерекшеліктерін талдау | Туған өлкенің геологиялық, климаттық және биологиялық жағдайларын бағалау | Бейнедәрістер, тапсырмалар |
| Демографиялық үдерістерді түсіну | Халық санының өзгерісін, көші-қон және этнодемографиялық үдерістерді талдау | Дәрістер, тапсырмалар |
| Тарихи дереккөздермен жұмыс істеу дағдылары | Ауызша, жазбаша, мұражайлық және мұрағаттық материалдарды пайдалану | Практикалық тапсырмалар |
| Мәдени мұраның рөлін түсіну | Сәулет, бейнелеу өнері және топонимикалық ескерткіштердің маңызын бағалау | Дәрістер, тапсырмалар, тесттер |
| Өңірдің туристік әлеуетін түсіну | Табиғи және тарихи-мәдени туристік нысандарды талдау | Дәрістер, тапсырмалар |
3) Білімді бақылау жүйесі және бағалау критерийлері
Бақылау формалары:
-
Тесттік тапсырмалар — дәрістер мен бейнедәрістер тақырыптары бойынша теориялық білімді бағалау
(қорытынды бағаның 40%) -
Практикалық тапсырмалар — тарихи дереккөздерді талдау, аналитикалық және зерттеу сипатындағы тапсырмаларды орындау
(қорытынды бағаның 30%) -
Қорытынды бақылау — ағымдағы тесттер мен практикалық тапсырмалардың нәтижелері негізінде оқу материалын меңгеру деңгейін кешенді бағалау
(қорытынды бағаның 30%)
Сертификаттау
Курсты толық меңгеріп, барлық тесттік және практикалық тапсырмаларды сәтті орындаған студенттерге «Тарихи өлкетану» курсын аяқтағанын растайтын сертификат беріледі.
- Teacher: Мадина Ешімбай