
1) Курстың қысқаша мазмұны
"Экономикадағы математика" курсы Матрицалар, 2-3-ретті анықтауыштар. Минорлар және алгебралық толықтауыштар. Сызықты алгебралық теңдеулер жүйесі. Крамер ережесі. Кеңістіктегі векторлар. Функция және оның шегі. Функцияның экстремумдары. Функция графигінің асимптоталары.Интеграл. Курс барысында студенттер Бұл математикалық тақырыптар бизнес-процестерді талдау мен басқаруда кеңінен қолданылады. Курс барысында
Қолданылуы:Матрицалар – шығындар мен кірістерді модельдеу, өндірістік жоспарлау.
Анықтауыштар, Крамер ережесі – экономикалық теңдеулер жүйесін шешу.
Функция және экстремум – пайданы максималдау, шығынды минималдау.
Интеграл – жинақталған табыс, капитал өсімі.
Асимптоталар – ұзақ мерзімді экономикалық болжам.
Іскерлік қарым-қатынаста: аналитикалық ойлау; сандық дәлелдер арқылы шешім қабылдау; клиенттермен жұмыс кезінде есептік негіздеме келтіру; есептерді ресми түрде рәсімдеу (іскерлік хат алмасу). . Тренингке студенттерге теориялық және практикалық білімді бекітуге көмектесетін дәрістер, бейне дәрістер, практикалық тапсырмалар мен тесттер кіреді.
2) Қалыптастырылатын оқыту нәтижелерінің картасы
Оқыту нәтижесі | Дағдылар мен білімнің сипаттамасы | Қол жеткізу әдістері |
Сызықты алгебра негіздерін меңгеру | Студент матрицаларға амалдар қолдануды, 2–3 ретті анықтауыштарды есептеуді, минорлар мен алгебралық толықтауыштарды табуды, сызықты теңдеулер жүйесін Крамер ережесі арқылы шешуді үйренеді. | Дәрістер, бейне дәрістер, тесттер |
Математикалық модельдеу және талдау дағдыларын қалыптастыру | Экономикалық, техникалық және практикалық есептерді функциялар, теңдеулер жүйесі арқылы модельдей алады; нәтижелерді талдап, негізделген қорытынды жасайды. | Дәрістер, тақырып бойынша тапсырмалар |
Кеңістіктік ойлау және векторлық есептеу дағдылары | Кеңістіктегі векторларға амалдар қолдану, олардың координаталарын пайдаланып геометриялық және физикалық есептер шығару қабілеті қалыптасады. | Практикалық тапсырмалар, бейне дәрістер |
Функцияларды зерттеу және графиктік талдау жүргізу | Функцияның шегін табу, экстремумдарын анықтау, асимптоталарын зерттеу және графигін талдау дағдыларын меңгереді; интегралды қолданып аудан мен жинақталған шамаларды есептейді. | Дәрістер, бейне дәрістер |
Кәсіби есептеу мәдениеті мен академиялық нормаларды сақтау | Есептерді математикалық тілде дұрыс рәсімдеу, дәлелдеу мәдениетін сақтау, кәсіби стандарттарға сәйкес есеп беру және нәтижені негіздеу дағдыларын меңгереді. | Дәрістер, тапсырмалар, тесттер |
3) Бағалау көрсеткіштері мен критерийлерін сипаттайтын білімді бақылау жүйесі
Бақылау нысандары:
• Дәрістер мен бейне дәрістер тақырыптары бойынша тесттер: Тесттерде матрицаларға амалдар қолдану, 2–3 ретті анықтауыштарды есептеу, минорлар мен алгебралық толықтауыштарды табу, Крамер ережесі арқылы сызықты теңдеулер жүйесін шешу, кеңістіктегі векторларға амалдар орындау, функцияның шегін табу, экстремумдарын және асимптоталарын анықтау, интеграл есептеу бойынша теориялық білім мен негізгі есептеу дағдылары тексеріледі.(қорытынды бағаның 40%).
• Практикалық тапсырмалар:Практикалық жұмыстарда студенттер теориялық білімді қолдана отырып есептер шығарады, математикалық модельдер құрады, функцияларды толық зерттейді, теңдеулер жүйесін нақты қолданбалы есептерге пайдаланады. Сонымен қатар есепті дұрыс рәсімдеу, нәтижені талдау және кәсіби деңгейде негіздеу дағдылары бағаланады. (қорытынды бағалаудың 30%).
• Қорытынды тест: Қорытынды тест пәннің барлық бөлімдерін қамтиды және студенттің сызықты алгебра, векторлық есептеулер, функцияны зерттеу және интеграл тақырыптары бойынша жинақталған теориялық білімін және есеп шығару дағдыларын кешенді түрде тексереді. (қорытынды бағалаудың 30%).
•
Бағалау критерийлері:
• Теориялық білімді меңгеру деңгейі: матрицалар, 2–3 ретті анықтауыштар, минорлар мен алгебралық толықтауыштар, сызықты теңдеулер жүйесі, Крамер ережесі, векторлар, функцияның шегі, экстремумдары, асимптоталары және интеграл бойынша негізгі ұғымдарды, анықтамаларды және формулаларды білуі және түсінуі (тесттер арқылы бағалау).
• Білімді практикалық қолдану дағдылары: теориялық материалды есептер шығаруда қолдану, теңдеулер жүйесін шешу, функцияны толық зерттеу, график салу, интеграл есептеу және нәтижені талдау қабілеті (практикалық тапсырмалар арқылы бағалау).
• Математикалық мәдениет және кәсіби коммуникация: есептерді дұрыс рәсімдеу, дәлелдеу логикасын сақтау, математикалық терминдерді сауатты қолдану, нәтижені негіздеу және талдау дағдылары (жазбаша жұмыстар мен практикалық тапсырмалар арқылы бағалау).
Сертификаттау: барлық тесттер мен практикалық тапсырмаларды сәтті орындағаннан кейін студенттер Экономикадағы математика құзыреттілігін растайтын курсты аяқтау туралы сертификат алады.
- Мұғалім: Тойгүл Жақия