1)  Курстың қысқаша мазмұны

Балалар әдебиеті – сөз өнерінің жеке бір өзекті саласы. Балаларға арналып жазылатын шығармалардың жасөспірімдердің ой  - өрісін, сана – сезімін дамыта отырып, оларға заман талабына сай тәлім – тәрбие беруге бағытталатындығы – осы пәннің айырықша ерекшелігі. Балалар әдебиетінің қалыптасу, өсіп - өркендеу жолы бұрынғы – соңғы зерттеулердің аясында, халық өмірі мен дамуына байланысты қарастырылады.

Мақсаты: балаларға арналған ірі туындылардың идеялық – эстетикалық қырларын халықтың педагогикалық көзқарастарымен, өмір тәжірбиесімен, қоғам талабымен жазба әдебиетке тигізген әсері, дәстүрлік мәселесі, зерттелу жайы жөнінде оқып білгендерін тұжырымдап, семинар сабақтарында жеткізіп отырулары көзделген.

Міндеті: жоғарыда атап көрсетілген  мәселелерді шешуде мына міндеттерді айқындау көзделеді:

балалар әдебиеті жөніндегі соңғы зерттеу еңбектерімен таныстыру

 балалар әдебиетінің аударулы мәселесі

 басқа халықтар әдебиетімен байланысы жөнінде мағлұмат беру

балалар арналған шығармаларды оқыту, талдату

Оқыту негізгі оқу материалдары қамтылған дәрістер мен практикалық сабақтар негізінде жүргізіліп, білім - білік, таным дағдылары, түсініктері бекітіліп отырады. Студенттердің білімін бақылау, бағалау өзін-өзі бағалау критерилері негізінде жүзеге асады. Сабақ барысында оқу-жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау жобасының стратегиялары кеңінен қолданылып, баяндау, сұрақ-жауап, талқылау т.б әдістері арқылы жүргізіледі.

 

Тренингке студенттерге теориялық және практикалық білімді бекітуге көмектесетін дәрістер, бейне дәрістер, практикалық тапсырмалар мен тесттер кіреді.

2)  Қалыптастырылатын оқыту нәтижелерінің картасы

Оқыту нәтижесі

Дағдылар мен білімнің сипаттамасы

Қол жеткізу әдістері

Теориялық және практикалық білім

Балалар әдебиетіне қатысты білім мен дағдыларды толықтай қолдану, Балаларға арналған прозалық шығармалар жазған жазушылардың еңбектері.

Дәрістер, семинар сабақтар, бейне дәрістер, тесттер, СӨЖ тапсырмалары.  

Тәжірибелік сабақтар

Студенттердің балалар әдебиетіне қатысты білімді тренинг, пікірталас, диалог үстелі әдістері арқылы қарым-қатынас процестерін орнату.

 

Тренинг, диалог, полилог әдістерін қолдану негізінде пікірлерін қорғау.  

Практикалық сабақтар  

Балаларға арналған фольклорлық шығармалар, халық ауыз әдебиетінің шығармалары мен жанрлық ерекшеліктерінің түрлері  

Ғылыми конференция, семинар

Жинақтап конспектілеу, талдау сабақтары

Балаларға арналған шығармалар мен жазушылар туралы білім мен дағды қалыптастырылып, оның нәтижесі арнайы тапсырмалар арқылы анықталды.

Бақылау, бағалау сабақтары.

Қайталау сабақтары

Балалар әдебиетіне қатысты арналған білім дағыларын толық меңгеру.

Дәрістер, семинар сабақтар, бейне дәрістер, тесттер, СӨЖ тапсырмалары

 

3)  Бағалау көрсеткіштері мен критерийлерін сипаттайтын білімді бақылау жүйесі

Бақылау нысандары:

Дәрістер мен бейне дәрістер тақырыптары бойынша тесттер: тестер негізінде студенттердің білімі тексеріліп, қорытынды бағалары 95 % пайыз   

Практикалық тапсырмалар: тәжірибелік сабақтар негізінде дәріс сабақтарының нәтижелерін семинарда қайталау, талдау, салыстыру, салғастыру тәсілдерімен меңгеру. Аталған әдістер негізінде студенттердің алған білім нәтижелерін қорытындысын 30% пайыз көлемінде бағалау.

Қорытынды тест: қорытынды тестің құрамына білім алушылардың алған білімі мен дағдыларын толықтай бағалау мақсатында қолданылып, оның нәтижелерін 30% мөлшерінде бағалау.

Бағалау критерийлері: 

•       [Критерий атауы]: [бағаланатын нәрсенің қысқаша сипаттамасы, мысалы: теорияның негіздерін білу, негізгі ұғымдарды түсіну] (тесттер арқылы бағалау).

•       [Критерий атауы]: [практикалық тапсырмаларда білімді қолдану сипаттамасы].

•       [Критерий атауы]: [мәдени аспектілер немесе өзара әрекеттесу дағдылары сияқты қосымша критерийлердің сипаттамасы].

Сертификаттау: барлық тесттер мен практикалық тапсырмаларды сәтті орындағаннан кейін студенттер “Балалар әдебиетінің теориясы мен әдістемесі” құзыреттілігін растайтын курсты аяқтау туралы сертификат алады.