1) Курстың қысқаша мазмұны
Балалар әдебиеті – сөз өнерінің жеке бір өзекті саласы. Балаларға арналып жазылатын шығармалардың жасөспірімдердің ой - өрісін, сана – сезімін дамыта отырып, оларға заман талабына сай тәлім – тәрбие беруге бағытталатындығы – осы пәннің айырықша ерекшелігі. Балалар әдебиетінің қалыптасу, өсіп - өркендеу жолы бұрынғы – соңғы зерттеулердің аясында, халық өмірі мен дамуына байланысты қарастырылады.
Мақсаты: балаларға арналған ірі туындылардың идеялық – эстетикалық қырларын халықтың педагогикалық көзқарастарымен, өмір тәжірбиесімен, қоғам талабымен жазба әдебиетке тигізген әсері, дәстүрлік мәселесі, зерттелу жайы жөнінде оқып білгендерін тұжырымдап, семинар сабақтарында жеткізіп отырулары көзделген.
Міндеті: жоғарыда атап көрсетілген мәселелерді шешуде мына міндеттерді айқындау көзделеді:
- балалар әдебиеті жөніндегі соңғы зерттеу еңбектерімен таныстыру
- балалар әдебиетінің аударулы мәселесі
- басқа халықтар әдебиетімен байланысы жөнінде мағлұмат беру
- балалар арналған шығармаларды оқыту, талдату
Оқыту негізгі оқу материалдары қамтылған дәрістер мен практикалық сабақтар негізінде жүргізіліп, білім - білік, таным дағдылары, түсініктері бекітіліп отырады. Студенттердің білімін бақылау, бағалау өзін-өзі бағалау критерилері негізінде жүзеге асады. Сабақ барысында оқу-жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау жобасының стратегиялары кеңінен қолданылып, баяндау, сұрақ-жауап, талқылау т.б әдістері арқылы жүргізіледі.
Тренингке студенттерге теориялық және практикалық білімді бекітуге көмектесетін дәрістер, бейне дәрістер, практикалық тапсырмалар мен тесттер кіреді.
2) Қалыптастырылатын оқыту нәтижелерінің картасы
|
Оқыту нәтижесі |
Дағдылар мен білімнің сипаттамасы |
Қол жеткізу әдістері |
|
Теориялық және практикалық білім |
Балалар әдебиетіне қатысты білім мен дағдыларды толықтай қолдану, Балаларға арналған прозалық шығармалар жазған жазушылардың еңбектері. |
Дәрістер, семинар сабақтар, бейне дәрістер, тесттер, СӨЖ тапсырмалары. |
|
Тәжірибелік сабақтар |
Студенттердің балалар әдебиетіне қатысты білімді тренинг, пікірталас, диалог үстелі әдістері арқылы қарым-қатынас процестерін орнату.
|
Тренинг, диалог, полилог әдістерін қолдану негізінде пікірлерін қорғау. |
|
Практикалық сабақтар |
Балаларға арналған фольклорлық шығармалар, халық ауыз әдебиетінің шығармалары мен жанрлық ерекшеліктерінің түрлері |
Ғылыми конференция, семинар |
|
Жинақтап конспектілеу, талдау сабақтары |
Балаларға арналған шығармалар мен жазушылар туралы білім мен дағды қалыптастырылып, оның нәтижесі арнайы тапсырмалар арқылы анықталды. |
Бақылау, бағалау сабақтары. |
|
Қайталау сабақтары |
Балалар әдебиетіне қатысты арналған білім дағыларын толық меңгеру. |
Дәрістер, семинар сабақтар, бейне дәрістер, тесттер, СӨЖ тапсырмалары |
3) Бағалау көрсеткіштері мен критерийлерін сипаттайтын білімді бақылау жүйесі
Бақылау нысандары:
Дәрістер мен бейне дәрістер тақырыптары бойынша тесттер: тестер негізінде студенттердің білімі тексеріліп, қорытынды бағалары 95 % пайыз
Практикалық тапсырмалар: тәжірибелік сабақтар негізінде дәріс сабақтарының нәтижелерін семинарда қайталау, талдау, салыстыру, салғастыру тәсілдерімен меңгеру. Аталған әдістер негізінде студенттердің алған білім нәтижелерін қорытындысын 30% пайыз көлемінде бағалау.
Қорытынды тест: қорытынды тестің құрамына білім алушылардың алған білімі мен дағдыларын толықтай бағалау мақсатында қолданылып, оның нәтижелерін 30% мөлшерінде бағалау.
Бағалау критерийлері:
• [Критерий атауы]: [бағаланатын нәрсенің қысқаша сипаттамасы, мысалы: теорияның негіздерін білу, негізгі ұғымдарды түсіну] (тесттер арқылы бағалау).
• [Критерий атауы]: [практикалық тапсырмаларда білімді қолдану сипаттамасы].
• [Критерий атауы]: [мәдени аспектілер немесе өзара әрекеттесу дағдылары сияқты қосымша критерийлердің сипаттамасы].
Сертификаттау: барлық тесттер мен практикалық тапсырмаларды сәтті орындағаннан кейін студенттер “Балалар әдебиетінің теориясы мен әдістемесі” құзыреттілігін растайтын курсты аяқтау туралы сертификат алады.
- Учитель: Балдырган Абильмажинова