
1) Курстың қысқаша мазмұны
«Мамандыққа кіріспе» курсы студенттерді ақпараттық технологиялар мен жүйелер саласының негіздерімен таныстыруға және осы салада қажетті негізгі құзыреттерді қалыптастыруға арналған. Курс барысында студенттер ақпараттық жүйелерді жобалау және әзірлеудің негізгі принциптерімен, бағдарламалық өнімдердің архитектурасымен, деректерді өңдеу және сақтау технологияларымен, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдаланып есептерді талдау және шешу әдістерімен танысады.
Оқу процесіне дәрістер, бейне дәрістер, практикалық тапсырмалар және тесттер кіреді, олар студенттердің ақпараттық жүйелер саласында тиімді жұмыс істеуге қажетті теориялық және практикалық білімін бекітуге мүмкіндік береді.
2) Қалыптастырылатын оқу нәтижелерінің картасы
|
№ |
Оқу нәтижесі |
Дағдылар мен білімнің сипаттамасы |
Оқыту әдістері |
|
1 |
Ақпараттық жүйелер мен бағдарламалаудың негіздері туралы білім |
Студенттер ақпараттық жүйелер, бағдарламалау, компьютер архитектурасы және операциялық жүйелердің негізгі ұғымдарын меңгереді. |
Дәрістер, бейне дәрістер, тесттер |
|
2 |
Заманауи технологиялардың жұмыс принципін түсіну және қолдану |
Студенттер есептеу техникасының тарихын, жасанды интеллект элементтерін қолдану арқылы пайдаланушы интерфейстерін жобалаудың инновациялық тәсілдерін, сондай-ақ мобильді технологиялар мен олардың ақпараттық жүйелердегі рөлін үйренеді. |
Дәріс-презентация, бейне көрсету, тесттер |
|
3 |
Деректер базасы және серверлік жүйелермен жұмыс дағдылары |
Студенттер деректер базасын жобалауды, дерекқор серверімен жұмыс істеуді және оларды ақпараттық жүйелерге интеграциялау негіздерін меңгереді. |
Дәріс-презентация, практикалық тапсырмалар |
|
4 |
Киберқауіпсіздік және ақпаратты қорғау бойынша білім мен дағдылар |
Студенттер киберқауіпсіздік саласындағы негізгі қауіптерді, деректерді қорғау әдістерін, сондай-ақ зиянды бағдарламалармен жұмыс принциптерін үйренеді. |
Дәріс-презентация, тесттер |
|
5 |
Кәсіби құзыреттер мен бағдарламалау дағдыларын қалыптастыру |
Студенттер Python, C++, JavaScript тілдерінде бағдарламалау дағдыларын дамытып, веб-қосымшаларды әзірлеу үшін HTML негіздерін меңгереді. |
Дәріс-түсіндірме, практикалық тапсырмалар, тесттер |
3) Білімді бақылау жүйесі мен бағалау критерийлері
Бақылау формалары:
·
Лекциялар
мен бейне дәрістер бойынша тесттер:
Тесттер курс негізгі ұғымдары мен теориялық білімді тексеруге арналған:
ақпараттық жүйелердің жұмыс принциптері, компьютер архитектурасы, бағдарламалау
негіздері, деректерді қорғау және заманауи технологиялар. (жалпы бағаның 40%).
·
Практикалық
тапсырмалар:
Студенттердің теорияны практикада қолдану дағдыларын бағалайды: бағдарламалау,
деректер базасымен жұмыс, интерфейстерді жобалау, киберқауіпсіздік бойынша
практикалық тапсырмалар. (жалпы бағаның 30%).
·
Қорытынды
тест:
Курс барысында алынған барлық білім мен дағдыларды қамтитын соңғы тексеру.
Теориялық білім мен практикалық дағдыларды бір уақытта бағалайды. (жалпы
бағаның 30%).
Бағалау критерийлері:
·
Теориялық
білім:
Студенттердің негізгі ұғымдар, принциптер мен модельдерді дұрыс түсіну қабілеті
бағаланады. (тесттер арқылы).
·
Практикалық
қолдану дағдылары:
Студенттердің теорияны нақты тапсырмаларда қолдану қабілеті, бағдарламалау,
деректер базасын жобалау, интерфейстер құру және киберқауіпсіздік мәселелерін
шешу дағдылары бағаланады. (практикалық тапсырмалар арқылы).
·
Кәсіби
және коммуникативтік дағдылар:
Командада жұмыс істеу, тиімді коммуникация, кәсіби стандарттарды сақтау және
этикалық нормаларды ұстану дағдылары бағаланады. (практикалық тапсырмалар мен
талқылауға қатысу арқылы).
Сертификаттау:
Барлық тесттер мен практикалық тапсырмаларды сәтті орындаған студенттер
«Мамандығына кіріспе: Ақпараттық жүйелер» курсын аяқтағаны туралы сертификат
алады, бұл олардың ақпараттық жүйелер мен бағдарламалау саласындағы
құзыреттілігін растайды.
- Teacher: Aidyn Daurenova