"Ғылыми зерттеулер негіздері" курсы 6B01736 "Шет тілі: екі шет тілі" білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларға, сондай-ақ шет тілінің теориясы мен негіздерін оқитын студенттерге арналған. Оқу құралы ғылыми зерттеулер негіздері, этикасы, плагиат, критериалды бағалау, дескрипторлар, Rubric designing туралы теориялық білімді дамытуға, сондай-ақ талдау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Бұл нұсқаулықта студенттерге бағалаудың негізгі ұғымдары мен принциптерін игеруге көмектесетін теориялық материалдар жинақталған. Нұсқаулық критериалды бағалау, рубрикалар құру, Блум таксономиясы, теориялар, инновациялық технологиялар және олардың тілді практикалық қолданумен байланысы сияқты негізгі тақырыптарды қамтиды. Материалдар жаңадан бастаушыларға да, орта және жоғары деңгейлі студенттерге де жарамды.
- Мұғалім: Шахан Баймурат