Пререквизиттер: Биология, Химия (мектеп бағдарламасы аясында)
Постреквизиттер: Тіршілік қауіпсіздігі, Экология және өмір тіршілігі қауіпсіздігінің негіздері.
Білім беру бағдарламасының мақсаты: Өмір тіршілік әрекетінің қауіпсіздігінің, еңбекті қорғау, қоршаған ортағы қорғау, төтенше жағдайлар кезінде қорғау саласында қазіргі ғылым мен техниканың талаптарына сәйкес кәсіби құзіреттілікке ие мамандарды даярлау, түлектердің бәсекеге қабілеттілігін және кәсіби дамуын қамтамасыз ету.
Мақсаты: болашақ мамандарды қауіпсіз және зиянсыз өмір сүру жағдайларын жасау, жаңа жабдықтар мен технологиялық процестерді заман талабына сай пайдалану бойынша теориялық және практикалық дағдылармен қаруландыру.
Курстың қысқаша мазмұны: қауіпсіздіктің ұйымдастырушылық негіздері; табиғи және техногендік қауіптердің адам ағзасына әсер етуіне қатысты теориялық негіздер; тыныс алу және тері мүшелерінің негізгі ЖҚЖ типтері мен тағайындалуы, олардың техникалық сипаттамалары және пайдалану мүмкіндіктері, оларды сақтау ережелері және жинақтау тәртібі; төтенше жағдайлардың жіктелуі мен түрлері, олардың адам ағзасына, өндірістік активтерге және қоршаған ортаға әсер ету механизмі, қорғау әдістері мен тәсілдері.
Құзыреттіліктері: қауіпсіздік идеологиясын дамыту, сәйкес ойлауды, мінез-құлықты қалыптастыру; қоршаған ортаның қауіптілігі мен зияндылығын тану мүмкіндігі; төтенше жағдайларда сауатты әрекет ету қабілеті; қауіпсіз және зиянсыз өмір сүру жағдайларын жасау; жеке қорғаныс құралдарын қолдана білу; қажет болған жағдайда жарақаттар, қан кетулер, жаралар, күйіктер, үсік шалу және т.б бойынша алғашқы көмек көрсете білу; қажет болған жағдайда төтенше жағдайларды жоюға барлық көмек көрсету.
Бағалау әдістері: студенттердің күнделікті жұмысын бақылау, ауызша сұрау, жазбаша жұмысты бағалау, апта сайын рейтинг қою, ағымдағы тексеру және білімді бағалау, семестрлік тексеру және білімді бағалау.
Зерттеу дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар: ақпаратты іздеу, деректерді талдау және синтездеу, тұжырымдамаларды тұжырымдау, гипотезаналарды ұсыну, оларға талдау жұмытарын жүргізу және де талдау.
Оқытудың инновациялық тәсілдері: бейімдеу тәсілдері, "төңкерілген оқыту" технологиясы, «дөңгелек үстел» әдісі, миға шабуыл, пікір-талас өткізу,интерактивті тақта арқылы жұмыс жасау
Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғалар үшін пән бойынша оқыту: ЭЖЖ, университеттің электрондық кітапханасын, курс бойынша бейнематериалдарды пайдалана отырып оқыту.