Оқу-әдістемелік құралында «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік» пәнінің негізгі тақырыптары ұсынылады. Аталмыш оқу-әдістемелік құралының мазмұны сондай-ақ мемлекеттік, жергілікті басқару және қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік және жергілікті басқару туралы түсінік беретін тақырыптарды қамтиды.

«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік» пәні бойынша оқу-әдістемелік құралы 6В04114 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын білімалушыларға арналған.

Бұл оқу-әдістемелік құралына кіретін пәнді оқуға арналған әдістемелік нұсқаулық, теориялық материал, пән бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар, «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік» пәнін оқитын бакалаврларды даярлау  бағытының білімалушыларына, сондай-ақ жоғары оқу орындарының оқытушыларына арналған.

Тіршілік қауіпсіздігі — адамның өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасы мен оны қорғауға, төтенше жағдайларда шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеуіне, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын ескерту мен жоюға, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуына бағытталған шаралар кешені.